Басты бет«Қарлығаш» балабақшасында бітіру ертеңгіліктері өз мәресіне жетті

«Қарлығаш» балабақшасында бітіру ертеңгіліктері өз мәресіне жетті

«Қарлығаш» балабақшасында  бітіру ертеңгіліктері өз мәресіне жетті «Қарлығаш» балабақшасында  бітіру ертеңгіліктері өз мәресіне жетті «Қарлығаш» балабақшасында  бітіру ертеңгіліктері өз мәресіне жетті «Қарлығаш» балабақшасында  бітіру ертеңгіліктері өз мәресіне жетті

 ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында мектепалды даярлық топтарының бітіру ертеңгіліктері өз мәресіне жетті. Бұл – балалық шақпен қоштасып, мектеп өміріне қадам басар сәттегі ерекше толқынысқа, қуаныш пен сағынышқа толы кезең болды.

Биылғы әрбір бітіру ертеңгілігі өзіндік мазмұнымен, көркемдік шешімімен және әсерлі атмосферасымен ерекшеленді. Солардың ішінде авиациялық стильде ұйымдастырылған «Қошемет уақыты» ертеңгілігі көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Бұл күні музыка залы үлкен сапар алдындағы әуежай кеңістігін елестетіп, бағдарламаның әрбір көрінісі балалардың жаңа белеске бет алған қанатты армандарымен астасып жатты. Жас түлектер бортсерік бейнесінде сахнаға шығып, символикалық ұшақ балғын шақтан білім әлеміне бастар жолдың көркем белгісіне айналды. Барлық қойылымдар мен шығармашылық нөмірлер балалардың қиялы мен арманына қанат бітіріп, алдағы өмірге деген сенім мен шабыт сыйлады.

Ал «Қанат қаққан балапандар» атты бітіру кеші көрерменге ерекше әсер сыйлаған мазмұнды бағдарламалардың бірі болды. Бұл ертеңгіліктің негізгі идеясы – қанаты қатайып, туған ұясынан үлкен өмірге қадам басуға дайын болған балапандар бейнесі арқылы өрбіді. Кештің басты символына айналған қарлығаш бейнесі еркіндіктің, үміттің, мейірім мен биік арманның көрінісіндей әсер қалдырды. Әсерлі әндер мен әсем билер, жүрекке жылы тиетін көріністер мен шынайы эмоцияға толы қоштасу сәттері арқылы балалық шақтың ең қымбат әрі қайталанбас кезеңі нәзік жеткізілді. Ата-аналардың толқынысы мен тәрбиешілердің мақтанышы, балалардың қуанышы мен қимастық сезімі тұтас бір ерекше атмосфера қалыптастырды.

Мерекелік бағдарламалар барысында орындалған әрбір ән, әрбір би, әрбір шығармашылық нөмір балалардың балғын болмысын, арманшыл әлемін және өмірге деген таза көзқарасын айқын көрсетті. Бұл күндер тәрбиеленушілер үшін ғана емес, олардың ата-аналары мен педагогтері үшін де жүректе ұзақ сақталатын жарқын естелікке айналды.

Кеше ғана балабақша табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер бүгінде үлкен өмірге қадам басуға дайын, ойы ұшқыр, қиялы биік, білімге құштар жас жеткіншектерге айналды. Олар енді балабақшамен қоштасып, өмірлерінің жаңа парағын ашуға қадам басты.

Бітіру мерекелері аяқталғанымен, алда бүлдіршіндерді алғашқы қоңырау, жаңа достар, жаңа білім мен үлкен армандар күтіп тұр. Ал «Қарлығаш» олардың жүрегінде әрдайым мейірім мен қамқорлыққа толы бақытты балалық шақтың, достық пен алғашқы жетістіктердің ыстық мекені болып сақталады.