Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және 2026 жылға арналған комплаенс-офицердің жұмыс жоспары аясында қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізілді.
Іс-шаралар барысында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтау, сондай-ақ мекеменің комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы ішкі нормативтік құжаттарын орындау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қызметкерлердің кәсіби қызметінде ашықтық, жауапкершілік қағидаттарын сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жүргізілген жұмыстар адалдық, ашықтық және этикалық нормаларды сақтау қағидаттарына негізделген корпоративтік мәдениетті нығайтуға ықпал етті.
Профилактикалық жұмыстар аясында қызметкерлер арасында анонимді сауалнама ұйымдастырылып өткізілді. Сауалнаманың мақсаты – ұжымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін анықтау, ықтимал проблемалық тұстарды айқындау және жүзеге асырылып жатқан шаралардың тиімділігін бағалау болды.
Сауалнама нәтижелері жүйелендіріліп, жан-жақты талданды. Оның қорытындысы бойынша дайындалған талдамалық есеп алдағы уақытта профилактикалық жұмысты жетілдіру және мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру тиімділігін арттыру мақсатында пайдаланылатын болады.
«Қарлығаш» балабақшасы адалдық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, ашық әрі жауапты корпоративтік ортаны қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.