Басты бет«Қарлығаш» балабақшасы еліміздің үздік құзыреттілік орталығы деп танылды

«Қарлығаш» балабақшасы еліміздің үздік құзыреттілік орталығы деп танылды

«Қарлығаш» балабақшасы еліміздің үздік құзыреттілік орталығы деп танылды «Қарлығаш» балабақшасы еліміздің үздік құзыреттілік орталығы деп танылды «Қарлығаш» балабақшасы еліміздің үздік құзыреттілік орталығы деп танылды «Қарлығаш» балабақшасы еліміздің үздік құзыреттілік орталығы деп танылды «Қарлығаш» балабақшасы еліміздің үздік құзыреттілік орталығы деп танылды «Қарлығаш» балабақшасы еліміздің үздік құзыреттілік орталығы деп танылды

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ жүргізген қызмет нәтижелерін бағалау қорытындысы бойынша «Үздік құзыреттілік орталық» мәртебесі берілді.

Бұл жоғары марапат ұжымның мектепке дейінгі білім беруді дамыту, инновациялық педагогикалық тәсілдерді енгізу, озық тәжірибені тарату және кәсіби қауымдастыққа әдістемелік қолдау көрсету бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады.

Ресми құттықтау хатында Балаларды ерте дамыту институты педагогикалық ұжымның жоғары кәсібилігін, шығармашылық әлеуетін, республикалық бастамаларға белсенді қатысуын және мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Сондай-ақ тиімді тәжірибелерді тарату, инновациялық жобаларды іске асыру және еліміздің педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету жұмыстарына ерекше назар аударылды.

Айта кету керек, «Қарлығаш» балабақшасы 2023 жылдан бері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құзыреттілік орталығы болып табылады. Осы уақыт аралығында балабақша базасында заманауи білім беру технологияларын таратуға, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытуға бағытталған ондаған республикалық, халықаралық және қалалық іс-шаралар өткізілді.

«Үздік құзыреттілік орталық» мәртебесінің берілуі «Қарлығаш» балабақшасының еліміздің мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі көшбасшылық ұстанымын және оның кәсіби қауымдастықты дамытуға қосқан үлесінің жоғары бағаланғанын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Алдағы уақытта «Қарлығаш» балабақшасы үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату, инновациялық білім беру шешімдерін дамыту және мектепке дейінгі білім беруді дамытудың ұлттық алаңы ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайту бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.