Басты бетТабиғатпен үндестікте: зерттеу мен шығармашылыққа толы апта

Табиғатпен үндестікте: зерттеу мен шығармашылыққа толы апта

Табиғатпен үндестікте: зерттеу мен шығармашылыққа толы апта Табиғатпен үндестікте: зерттеу мен шығармашылыққа толы апта Табиғатпен үндестікте: зерттеу мен шығармашылыққа толы апта Табиғатпен үндестікте: зерттеу мен шығармашылыққа толы апта Табиғатпен үндестікте: зерттеу мен шығармашылыққа толы апта Табиғатпен үндестікте: зерттеу мен шығармашылыққа толы апта

Жазғы сауықтыру жоспары аясында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қарлығаш» балабақшасында экологиялық тәрбиеге, зерттеушілік қызығушылықты дамытуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталған тақырыптық апта ұйымдастырылды.

Апта аясындағы жарқын іс-шаралардың бірі табиғи материалдардан дайындалған «Табиғат ғажайыптары» аппликациясы болды. Балалар жапырақтарды, тұқымдарды, бұтақтарды және басқа да табиғи материалдарды пайдалана отырып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын жасап, табиғаттың сан алуан пішіндері мен түстерінің әсемдігін таныды.

Экологиялық бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде «Жасыл достар іздеймін» атты танымдық-зерттеу іс-шарасы өткізілді. Тәрбиеленушілер балабақшаның жылыжайында өз қолдарымен отырғызып, күтіп-баптап, суарып өсірген өсімдіктерін бақылап, олардың өсуіндегі өзгерістерді зерттеді. Балалар жапырақтары мен сабақтарын салыстырып, өз байқауларымен бөлісіп, алғашқы зерттеушілік қорытындыларын жасады. Өз қамқорлығының нәтижесін көру балаларға ерекше қуаныш сыйлап, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін қалыптастырды.

Зерттеу жұмыстарының жалғасы ретінде жазғы сауықтыру жоспары аясындағы «Қазақстанның кішкентай гербарийі» апталық жобасы ұйымдастырылды. Жоба барысында балалар өсімдіктерді жинап, олардың атаулары мен ерекшеліктерімен танысып, гербарий жасауға қажетті материалдарды дайындап, табиғат сыйлаған қазыналардың шағын топтамаларын құрастырды. Бұл жұмыс тәрбиеленушілердің туған өлкенің өсімдіктер әлемі туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, олардың зерттеушілік қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Экологиялық тәрбие – «Қарлығаш» балабақшасы қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Табиғатты бақылау, зерттеу және онымен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы балаларда адам мен қоршаған ортаның өзара байланысы туралы түсінік қалыптасып, тіршілік атаулыға қамқорлықпен қарау, табиғатты аялау және оның байлығын сақтау құндылықтары орнығады.

Осындай іс-шаралар балалардың қоршаған әлемді тануға деген қызығушылығын арттырып, табиғаттың сұлулығын сезінуге, оны құрметтеуге және қорғауға тәрбиелейді.