Өткен демалыс күндері Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты ұйымдар арасында шағын футболдан турнир өтті. Жарысқа Медициналық орталықтың ведомстволық бағынысты ұйымдарынан алты команда қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша «Қарлығаш» балабақшасының командасы II орынға ие болды. Жарыс барысында команда ойыншылары жоғары спорттық дайындықтарын, ұйымшылдығы мен өзара үйлесімді ойын көрсетті.
Сонымен қатар, турнир қорытындысы бойынша «Қарлығаш» командасының Мирас Туляков «Үздік ойыншысы» номинациясымен марапатталды.
Команданың II орынға ие болуы және Мирас Туляковтың жеке номинациямен марапатталуы «Қарлығаш» балабақшасы ұжымының спорттық өмірдегі белсенділігін және командалық бірлігін көрсетті.