Басты бетАстанада Қырғызстанның мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Бакча таалим башаты» семинар...

Астанада Қырғызстанның мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Бакча таалим башаты» семинары өтті

Астанада Қырғызстанның мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Бакча таалим башаты» семинары өтті Астанада Қырғызстанның мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Бакча таалим башаты» семинары өтті Астанада Қырғызстанның мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Бакча таалим башаты» семинары өтті Астанада Қырғызстанның мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Бакча таалим башаты» семинары өтті

20-21 тамыз күндері Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында «Бакча таалим башаты» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Екі күндік іс-шараға Қырғызстанның мектепке дейінгі ұйымдарынан 100-ге жуық педагог қатысып, кәсіби тәжірибе алмасты.

Семинардың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, озық педагогикалық тәжірибелермен бөлісу, тиімді білім беру практикаларын енгізу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы ұйымдастырды.

Семинардың алғашқы күнінде қатысушыларға «Қарлығаш» балабақшасының қызметі, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және мектепке дейінгі білім беру саласына инновациялық тәсілдерді енгізу тәжірибесі таныстырылды.

Бағдарлама аясында заманауи цифрлық технологияларды мектепке дейінгі білім беру үдерісіне ықпалдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар цифрлық ортада балалар шығармашылығын дамыту және мектепке дейінгі ұйымдарда медиабілім беруді ұйымдастыру тәжірибесімен танысты.

Сонымен қатар бағдарламаланатын Bee-Bot роботын тәрбие-білім беру процесіне енгізу мүмкіндіктері көрсетілді. Робототехникалық конструкторлар мен 3D қаламды қолдану тәжірибесі ұсынылып, олардың балалардың шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамытудағы мүмкіндіктері талқыланды.

Семинардың тағы бір бағыты – балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған заманауи құралдарды қолдану. Осы орайда қатысушылар Йохокубпен жұмыс істеу әдістемесімен танысты.

Семинардың екінші күні экологиялық білім беру мен балабақшадағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыбына арналды.

Қатысушылар экологиялық басқару, ресурстарды ұтымды пайдалану және мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие берудің заманауи тәсілдері туралы тәжірибе алмасты. Педагогтер табиғи материалдарды шығармашылық және зерттеу жұмыстарына пайдалану, қоршаған ортамен өзара әрекет арқылы балалардың табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру жолдарын ұсынды.

«Эко ізденіс: табиғатпен үндескен шығармашылық» тақырыбында экологиялық тәрбиені баланың шығармашылық белсенділігімен ұштастырудың практикалық тәсілдері көрсетілді. Ал «Жасыл ел тынысы» тақырыбы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы дамытушы ортаның және күнделікті практикалық әрекеттің маңызына назар аударылды.

Семинар барысында педагогтер заманауи технологияларды қолдану, экологиялық тәрбие беру және балалардың шығармашылық, логикалық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту бойынша тәжірибе алмасты.

«Мұндай кездесулер дайын тәжірибелермен бөлісіп қана қоймай, мектепке дейінгі білім берудің қазіргі даму бағытын бірге талқылауға мүмкіндік береді. Кәсіби диалог барысында педагогтер жаңа әдістермен танысып, оларды өз тәжірибесіне бейімдей алады. Бұл ретте халықаралық тәжірибе алмасу мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі», – дейді семинарды ұйымдастырушылар.

«Бакча таалим башаты» семинары Қазақстан мен Қырғызстанның мектепке дейінгі білім беру саласы педагогтері арасында кәсіби диалог орнатуға, тәжірибе алмасуға және одан әрі ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.