Балабақша таңдау – ата-ана үшін маңызды шешім. Бұл ретте ғимараттың сыртқы көрінісі немесе оқу бағдарламасымен қатар, баланың қауіпсіздігі, психологиялық жайлылығы, жаңа ортаға бейімделуі және оның күнделікті дамуына жасалған жағдайлар да маңызды рөл атқарады.
Осы тақырыпқа Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты «Қарлығаш» балабақшасында мамандардың қатысуымен түсірілген «ALQA» радиосының «Балабақшада 200 камера не үшін?» атты арнайы репортажы арналды.
Репортаж барысында «Қарлығаш» балабақшасының сарапшылары баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі, бейнебақылау технологиялары және Face ID жүйесінің жұмысы туралы айтып береді. Сонымен қатар баланың балабақшадағы жаңа ортаға бейімделуі, оның эмоционалдық жай-күйі мен өзін қауіпсіз сезінуінің маңызына назар аударылады.
Материалда ата-аналар жиі қоятын тағы бір маңызды сұрақ – «Ерте оқыту» баланың дамуына көмектесе ме, әлде балалық шағын қысқарта ма? деген мәселе де қозғалады.
Репортажда мектепке дейінгі білім берудің заманауи бағыттары да кеңінен қамтылған. Атап айтқанда, ұлттық тәрбие, экологиялық білім беру, STEM технологиялары, сондай-ақ ата-ана мен тәрбиеші арасындағы өзара байланыс туралы пікірлер ұсынылады.
«Қарлығаш» балабақшасының мамандарының айтуынша, заманауи мектепке дейінгі білім беру тек баланың белгілі бір білім мен дағдыларды меңгеруімен шектелмейді. Бала өзін қауіпсіз сезінетін, оның жеке ерекшеліктері ескерілетін және ата-анамен ашық байланыс орнатылған орта қалыптастыру да маңызды.
«Балабақшада 200 камера не үшін?» атты арнайы репортажда осы және басқа да сұрақтарға жауап беріліп, балабақшадағы қауіпсіздік пен білім беру жүйесі ата-ана көзімен қарастырылады.
Арнайы репортажды «ALQA» радиосының YouTube арнасынан көру болады.