Басты бет › Қазақ тілін тиімді меңгерудің құпиялары: «Қарлығаш» балабақшада практикалық семинар өтті

Қазақ тілін тиімді меңгерудің құпиялары: «Қарлығаш» балабақшада практикалық семинар өтті

Қазақ тілін тиімді меңгерудің құпиялары: «Қарлығаш» балабақшада практикалық семинар өтті Қазақ тілін тиімді меңгерудің құпиялары: «Қарлығаш» балабақшада практикалық семинар өтті Қазақ тілін тиімді меңгерудің құпиялары: «Қарлығаш» балабақшада практикалық семинар өтті Қазақ тілін тиімді меңгерудің құпиялары: «Қарлығаш» балабақшада практикалық семинар өтті

Осы күндері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында қазақ тілін тиімді меңгеру және қолдану тәсілдеріне, сауатты сөйлеу дағдыларын дамытуға және тілдік қарым-қатынас мәдениетін арттыруға арналған практикалық семинар өтуде.Семинарды құжат айналымы жөніндегі маман Мединаева Ақерке Амановна ұйымдастырды.

Семинар барысында қатысушылар қазақ тілін үйрену мен оны күнделікті өмірде тиімді қолданудың практикалық тәсілдерін қарастырды. Грамматикалық ережелерді меңгерумен қатар, тілді күнделікті қарым-қатынаста еркін қолдану және сөйлеу дағдысын біртіндеп қалыптастыру жолдарына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ ауызша сөйлеу барысында жиі кездесетін тілдік қателер, негізгі кедергілер және оларды еңсеру жолдары талқыланды. Қатысушылар қазақ тілінің грамматикалық және лексикалық ерекшеліктерімен де танысты.

Семинарда тілді жүйелі түрде үйрену, сөздік қорды байыту және қателесуден қорықпай еркін сөйлеу мәселелеріне ерекше мән берілді. Тілді тиімді меңгеруде тұрақты қарым-қатынас пен күнделікті тәжірибенің маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шара соңында «Қарлығаш» балабақшасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Стыбаева Айгүл Шілдебайқызы семинардың маңыздылығына тоқталып, пікір білдірді:

«Мемлекеттік тілді меңгеру – бұл жай ғана білім алу емес, бұл біздің болашағымыз бен мәдениетімізге деген құрмет. Қазіргі таңда қазақ тіліндегі кітаптарда, кейбір оқулықтарда орыс тіліндегі сөздерді қазақ тіліне дұрыс аудару мен терминдерді қолдануда біршама қиындықтар туындайтыны жасырын емес. Осындай сәттерде бүгінгідей практикалық семинарлар тіл үйренушілерге де, мамандарға да үлкен бағыт-бағдар береді».

Семинар мазмұнды әрі практикалық форматта өтті. Қатысушылар өздеріне қажетті пайдалы кеңестер алып, қазақ тілін күнделікті қарым-қатынаста қолдану және тілдік дағдыларын одан әрі жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсынымдармен танысты.