Басты бет › ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында педагогтерді кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында педагогтерді кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында педагогтерді кәсіби мерекесімен құттықтады ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында педагогтерді кәсіби мерекесімен құттықтады ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында педагогтерді кәсіби мерекесімен құттықтады ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында педагогтерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында педагогтерді кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күнімен құттықтау рәсімі өтті.

Балабақша әкімшілігі педагогтерге кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және балалардың тәрбиесі мен дамуына қосып жүрген күнделікті еңбегі үшін алғыс білдірді. Педагогтерге зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби жетістіктер мен шығармашылық табыс тілектері айтылды.

Іс-шара барысында білім беру және тәрбие жұмысына, заманауи педагогикалық тәсілдерді енгізуге және балалар үшін қолайлы дамытушы орта қалыптастыруға елеулі үлес қосып жүрген қызметкерлер атап өтілді.

Бүгінде «Қарлығаш» балабақшасында тәрбиешілермен қатар, педагог-психологтар, логопедтер, дене шынықтыру нұсқаушылары, музыка жетекшілері және басқа да мамандар еңбек етеді. Әр маманның бірлескен жұмысы балалардың жан-жақты дамуына және олардың жеке қажеттіліктерін ескеруге бағытталған.

Кәсіби мереке педагогтердің күнделікті еңбегіне алғыс білдіріп, олардың балалардың тәрбиесі мен дамуына қосып жүрген үлесін атап өтуге мүмкіндік берді.