«Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері «TANYM» халықаралық байқау-фестивалінде жоғары нәтиже көрсетіп, Бас жүлдеге ие болды.
Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттері мен сахналық шеберліктерін көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы күніне орай ұйымдастырылған «Елім деп соққан жүрегім» арнайы номинациясында балабақша тәрбиеленушілері «Үздік патриоттық нөмір» аталымын жеңіп алды.
Бұл жетістіктер – тәрбиеленушілердің таланты мен шығармашылық ізденісінің, сондай-ақ педагогтердің жүйелі жұмысы мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі.
«Қарлығаш» балабақшасында балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, өнерге қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Тәрбиеленушілердің халықаралық деңгейдегі жетістіктері осы бағыттағы жұмыстың нәтижелілігін көрсетеді.