ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, робототехника және бейнелеу өнері бағытындағы байқауларда жүлделі орындарға ие болды.
Мектепалды даярлық топтары арасында робототехника пәні бойынша өткен «РОБО АРТ» онлайн байқауында «Қарлығаш» балабақшасының «Ақжелкен» тобының тәрбиеленушісі Еркінбек Марғұлан І орын иеленді.
Сонымен қатар, «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілері «ART WORLD» бейнелеу өнері байқауында жоғары нәтиже көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша Аржас пен Айсана Гран-при иегерлері атанды. Ал Адия, Томирис, Алимжан, Назима, Алангир және Ансар І орынға ие болды.
Түрлі бағыттағы байқауларда қол жеткізілген жетістіктер балабақшадағы білім беру және шығармашылық жұмыстың ауқымын көрсетеді. Мұндай іс-шараларға қатысу балаларға алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануға, жеке қабілеттерін ашуға, бастамашылдығы мен өз күшіне деген сенімін дамытуға мүмкіндік береді.
«Қарлығаш» балабақшасында балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, қызығушылықтарын қолдауға және шығармашылық әлеуетін ашуға ерекше көңіл бөлінеді.
Жас жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!