2020 жылдың 27 наурызында «Иммунопрофилактика, қазіргі заманғы сын-қатерлер және оларды шешу мүмкіндіктері» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар барысында әр түрлі елдердегі иммунопрофилактика бойынша мәселелер, өзекті сұрақтар анықталды, сондай-ақ жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Қазақстан Республикасындағы вакцина профилактикасының өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасындағы вакцина профилактикасы Профилактикалық егудің ұлттық күнтізбесі мен эпидемиялық көрсеткіштер бойынша егудің күнтізбесін қамтиды. Алайда, вакцинопрофилактиканың қазіргі таңдағы стратегиясы мен тактикасы әлемдегі эпидемиялық жағдайға сәйкес келмейді.
Бұл мақсатта келесі іс-шараларды жүргізу қажет:
-
Елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын қалыптастыру құралы ретінде иммунопрофилактиканың маңыздылығын және әрбір азаматтың ұзақ өмір сүру негіздерін мемлекеттік деңгейде бекіту;
-
Эпидемиялық жағдайды және тәуекелдің кәсіби факторларын ескере отырып, егу санын кеңейту жолымен балалар мен ересек/жұмыс істейтін халықтың денсаулығын басқарудың баламалы көзі ретінде егудің корпоративтік және өңірлік күнтізбесін қарастыру, сондай-ақ жұмыс істейтін халықты вакцинациялау және елдің белгілі бір облысының аймақтық ерекшеліктері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
-
Кешенді алдын алу, емдеу және оңалту, оның ішінде онкологиялық, жүрек-қан тамырлары, неврологиялық және инфекциялармен байланыстырылған және вакцинация көмегімен өзге де аурулардың алдын алу, емдеу және оңалту контекстінде вакциналарды пайдалану және олардың қолданыс аясын кеңейту;
-
Иммунопрофилактика мәселелерінде елдің әрбір азаматының жеке жауапкершілігін арттыру тетіктерін қарастыру;
-
«Корпоративтік медицина» ұғымын енгізу;
-
Иммунопрофилактиканы әрбір азаматтың инфекцияларынан барынша қорғаудың құралы ретінде қарау және өмір бойы халық денсаулығының оңтайлы деңгейін сақтауға кепілдік беру үшін «Өмір бойы иммундау» тұжырымдамасын енгізу мәселесін қарау.