Басты бет"Қарлығаш" ел өңірлері мен таяу шет елдердің мектепке дейінгі ұйымдарының 91 педагогі үшін онлайн...

"Қарлығаш" ел өңірлері мен таяу шет елдердің мектепке дейінгі ұйымдарының 91 педагогі үшін онлайн-кездесу ұйымдастырды

"Қарлығаш" ел өңірлері мен таяу шет елдердің мектепке дейінгі ұйымдарының 91 педагогі үшін онлайн-кездесу ұйымдастырды

2020 жылғы 28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-да (бұдан әрі- Кәсіпорын) «Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тиімді әдістерін қолдану тәжірибесі» тақырыбында аймақтық online семинар өткізілді. Құзыретіне Кәсіпорынның үздік тәжірибелерін трансферттеу шеңберінде имидждік іс-шараларды ұйымдастыру міндеті кіретін Ресурстық-білім беру орталығы семинардың негізгі ұйымдастырушысы және модераторы болды.

Онлайн шараның мақсаты – Кәсіпорын педагогтерінің тәрбие-білім беру процесінде тиімді қолданып жүрген әдіс-тәжірибелерін тарату, сондай-ақ республика өңірлері мен шет елдердің мектепке дейінгі ұйымдарының табысты даму тәжірибесін зерделеу болды.

Жоспарланғандай, Ақмола және Қарағанды облыстарының өкілдері шараның негізгі қатысушылары болды. 50 адам қатысады деп жоспарланған семинарға 91 адам қатысты.

Семинар жұмысына жоғарыда аталған аймақтардың Білім   басқармаларының өкілдері, халықаралық әріптестер: (Мәскеу қ., РФ): «Столица» бизнес-мектебі» (п.ғ.д. Л.Ю.Круглова) мен «Замок Детства» ЖМ (п.ғ.к. Т.А.Данилина), Кәсіпорынның әлеуметтік әріптестері: ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ (Р.Ж.Базарбаева), Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» халықаралық университеті (С.А.Ирсалиев) және ҚР БҒМ «Басшы және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың «Өрлеу» ұлттық орталығы» АҚ-ның филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы бойынша, А.И.Чокушева) қатысты.

Аймақтық семинар Кәсіпорын балабақшалары туралы имидждік роликті көрсетуден басталды.

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» ШЖҚ РМК директоры Г.К. Исқақова, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» Халықаралық университетінің президенті С.А.Ирсалиев, ҚР БҒМ «Өрлеу» БАҰО АҚФ Нұр-Сұлтан қаласындағы ПҚ БАИ директорының орынбасары А.И.Чокушева; Қарағанды облысының Білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Д. Бугубаева құттықтау сөз сөйледі.

Семинарда заттық-дамытушылық кеңістіктікті және тілдік ортаны ұйымдастырудың тәжірибесі таныстырылды. Кәсіпорын педагогтері баланың психо-эмоционалдық денсаулығын сақтау мен нығайтудың оңтайлы жолдарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізудің тиімді технологиялары мен әдіс-тәсілдерін қолдану, баланың сөйлеу дағдысын дамыту және түзету-дамыту және сауықтыру жұмыстарында жаңа тәсілдерді қолданудың тәжірибелерімен бөлісті. Реджио-тәсілдердің этноұлттық құрамдас бөлікке бейімделу тәжірибесі, балалардың эксперименттік-зерттеу және танымдық қызметін дамыту және олардың экологиялық тәрбиесі туралы презентациялар қатысушылардың қызығушылығын туғызды.

 

 

 

 

Мәскеулік әріптестер VUCA тұжырымдамасының қазіргі тенденцияларын ескере отырып, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында балалармен жұмыс жасаудың сәтті тәжірибесімен бөлісті. Олар Сингапурлық, Эйдетика әдісі, ТРИЗ-технологиялар, «төңкерілген оқыту» (flipped classroom), Брайд және Морзе әліппесін пайдалана отырып ақпаратты кодтау (Швед әріптестердің әдісі бойынша), «Мобильді технологиялар» (Блум әдісі бойынша), Thinking.com интерактивті плакатын қолдану сияқты инновациялық технологияларға тоқталып өтті.

Аймақтық семинар пікірлестер үшін практикалық тәжірибелер бойынша ақпарат алмасудың алаңына айналды. Аймақтық мектепке дейінгі ұйымдармен ынтымақтастықты дамытудың және әлемдік білім беру ортасына ықпалдасудың іргесі қаланды.

Шара   барысында семинарға қатысушылар «Алматы кітап баспасы», «Арман ПВ» баспалары ұйымдастырған «МДҰ арналған оқу-әдістемелік кешендер» онлайн-көрмесімен және «ПрофиКонсалтинг Астана» ЖШС ұсынған STEAM-технологиямен танысты.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар аталған іс-шараның дер кезінде өткізіліп отырғанын және оның өзектілігін, материалдардың жоғары әдістемелік деңгейде кәсіби түрде ұсынылғанын, сондай-ақ іс-шараның жаңа форматта ұйымдастырғанын атап өтті.

Өңірлердегі балабақшалардың практик-педагогтері Кәсіпорын тәжірибесіне қызығушылық танытты, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи технологиялары мен әдістемелерін пайдалана отырып, тиімді әдістерді трансферттеу мақсатында ынтымақтастықты арттыру қажеттілігін жеткізді. Тәжірибелі қатысушыларының пікірінше, семинардың ақпараты мен материалдары отандық мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартуға бағытталған және педагогтердің біліктілігін арттыруға тиімді ықпал ететін маңызды ресурс болып табылады.