Басты бетСтоп, гаджет! Баланы гаджеттен қалай алыстатамыз?

Стоп, гаджет! Баланы гаджеттен қалай алыстатамыз?

Стоп, гаджет! Баланы гаджеттен қалай алыстатамыз?


Қадірлі достар! Қымбатты ата-аналар! 
Жоғарыдағы сұрақ бәрімізді мазалайды. Сондықтан сіздерге психолог-маманымыздың бірнеше кеңесін ұсынамыз.

1. Балаңызға үлгі бола біліңіз!
Егер бала сіздің компьютер алдында отырғаныңызды жиі көрсе, онда ол міндетті түрде сізді қайталайды. 

2. Өзгеше ойын-сауық!
Балалар өздігінен пайдалы іспен шұғылдана алмайды. Балаңызбен бірге қызықты, балабақшадан, дамыту орталықтарынан көрген ойындарына ұқсас, бірақ өзінше ерекшелігі бар ойындар ойлап табыңыз (мысалы: «Айналамыздағы 5 жасыл түсті зат», «А» әрпінен басталатын сөздер,  т.б. ), немесе қолда бар атрибуттармен үстел үсті ойындарын ойнаңыз. Бірге сурет салыңыз, ән айтыңыз, тақпақ шығарыңыз, би қимылдарын ойлап табыңыз, тағысын тағы.

3. Шарттар мен контентті нақты анықтап алыңыз. 
Балаңызбен бірге ойындарды, дамыту жұмыстарын, мультфильмдерді таңдауға  және айталық, мультфильмді тек демалыс күндері көреміз дегендей, әр әрекеттің уақытын анықтап алуға болады. 

4. Бәріне ортақ ереже! 
Балаға арналған ереже отбасы мүшелерінің бәріне ортақ болуы керек екенін ұмытпаңыз. Егер сіз балаға планшетті дастарқан басында немесе ұйықтарда қолдануды шектесеңіз, сол талапты өзіңіз де орындаңыз! Өйткені бала айтқанды емес, көргенін істейді.

Балаларға сізбен өткізген уақыт – өте құнды.

Қадірлі ата-аналар мен психологтар! Сіздердің практикада қандай әдіс жемісті нәтиже берді? Тәжірибеңізбен бөлісе отырыңыз. Бізге сіздің кері байланысыңыз өте маңызды әрі қызықты.