Мектепте оқушылардың сабақ үлгерімі нашар болатын бір себебі, мидың белгілі бір құрылымдарының қалыптаспауынан. Бұл мәселені шешуге балалармен жасалатын нейропсихологиялық жаттығулар көмектеседі, бұл қажетті психикалық функцияларды дамытады, оң және сол жақ жарты шардың жұмысын жетілдіреді және үйлестіреді.
Адамның миы екі жарты шардан тұрады: сол және оң. Сол жарты шар логикалық және оң шығармашылық ойлауға жауап береді. Өмірде бізге екеуі де қажет. Сондықтан біздің тәжірибелі дефектолог Ақерке Жолдасова балаларды тәрбиелеу үдерісінде ми гимнастикасын пайдаланады.
1. Саусақтар сәлемдеседі (бір қолдың әр саусағы бас бармағымен амандасады);
2. Бақа (бір қолдың саусақтары жұдырыққа, екінші қолы ашық. Керісінше);
3. Алақан-құймақ (оң қолдың алақаны төмен, сол қолдың алақаны жоғары);
4. Лайк-сақина (бір қол жұдырықта, бас бармақ жоғары, екіншісі - қол бас бармақ пен сұқ саусақтың көмегімен сақина жасайды);
5. Жұдырық-қабырға-алақан (педагог немесе ата-ана балаға алдын ала ойластырылатын ретпен жасалған үш қозғалысты көрсетеді: бірінші алақан жазылады; содан соң жұдырық түйіледі; кейін алақан шетіне қойылады; соңында осы әрекет қайталанады).
Ұсыным: бұл жаттығуларды үйде, кез келген бос уақытта жасауға болады.
Сілтеме: https://youtu.be/PlM1LXSi-PU