Жаз жақындап келеді. Балалар көшеде ойнағанды ұнатады. Әрине, бұл өте пайдалы, бірақ біз мүлдем қауіпсіз деп айта алмаймыз. Мысалы, егер баланы жәндіктер шағып алса не істеу керек және дәрігерге бару керегін қайдан білеміз? Бұл сұрақтарға біздің педиатр Гүлнар Ахметова жауап береді.
1. Масалар. Масаның шағуы көбіне қауіпті емес. Бірақ біраз уақыттан кейін тістеген жер қатты қызарып, қышуы мүмкін. Бұл жағдайда қышуды антиаллергиялық гельдермен (фенистил немесе псило-бальзам гелімен (6 айдан бастап) алып басуға болады. Егер аллергиялық аурулармен ауыратын балаларда қызыл және ісіну көп болса, онда дәрігерге бару керек.
2. Кене шағуы. Егер сіз баладан кене тауып алсаңыз, оны алып тастау үшін медициналық мекемеге жүгінген дұрыс. Егер бұл мүмкін болмаса, өзіңіз көмектесе аласыз. Оны жұлуға немесе оған май құйып шығаруға тырыспаңыз. Жәндікті мұқият (сағат тіліне қарсы) бұрау керек. Содан кейін жараның орнын «жасыл» дәрімен, 3% сутегі асқын тотығы секілді антисептикпен сүртіңіз.
3. Аралар мен жабайы аралардың шағуы. Егер ара шағып алса, міндетті түрде бізгегін (шағатын инесін) жою керек, өйткені одан біраз уақытта жараға «у» түседі. Жабайы ара жарада дақтар қалдырмайды. Содан кейін 10-15 минутқа суық жағыңыз, бұл «уланудың» таралуын баяулатады ауырғанды басады.
Ұсыным: егер балада мынадай белгілер болса, дереу жедел медициналық көмекке жүгініңіз:
- Ентігу және тыныс алудың, жұтынудың қиындауы;
- Беттің, ауыздың, тамақтың ісінуі;
- Жүрек соғуының жиілеуі;
- Бас айналу немесе әлсіздік;
- Естен тану.