Бейімделу – адамның жаңа ортаға ену және оның жағдайларына бейімделу процесі. Баланың балабақшаға бейімделуі жаңа ортаға, жаңа күн тәртібіне, жаңа қарым-қатынастарға үйренуден, сонымен қатар жаңа дағдыларды игеруден тұрады.
Психолог маманымыз Айжан Нұрмағамбетқызының айтуынша, балабақшаға үйренуді жеңілдету үшін балада мынадай дағдыларды дамыту керек:
- қарым-қатынас дағдылары;
- өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары;
- қолды жуу және сүрту қабілеті;
- өздігінен тамақтану дағдылары;
- киіну және аяқ киім кию мүмкіндігі.
Баланың бейімделу кезеңінен сәтті әрі неғұрлым тезірек өтіп кету үшін ата-ананың рөлі зор. Осы ретте ата-аналарға 7 кеңес ұсынамыз:
1. Алғашқы күндерде баланы балабақшаға бірнеше сағатқа қалдыру ұсынылады (1-2 сағат).
2. Тәрбиешілерге балаңыздың жеке ерекшеліктері туралы айтуды ұмытпаңыз.
3. Сіздің тыныштығыңыз, сенімділігіңіз балаға бәрі жақсы екенін және топқа қауіпсіз түрде баруға болатындығын көрсетеді.
4. Бейімделу кезеңінен өткенен кейін, аурудан немесе ұзақ демалыстан кейін - бейімделу қайтадан басталады, оған таң қалмаңыз.
5. Балаңызға сүйікті ойыншығын беріңіз.
6. Қоштасу рәсімін бірге таңдап, қолданып отырыңыз.
7. Баламен тез қоштасуды үйреніңіз.