Басты бетОйна да ойла

Ойна да ойла

Ойна да ойла Ойна да ойла

Бала ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім беруден ғана емес, есте сақтау, ойлау, елестету, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Осы мақсатта балаларға тақпақтар беріледі. Ал балдырғандар оны жаттауға қиналады. Мұндайда бізге суреттер көмектеседі. Балаға өлең жолдарын сурет-схемасы арқылы жаттату өте тиімді және оңай. Өйткені бала көзімен көре отырып есте сақтайды. Суреттегі затты көру арқылы оның қандай зат екені есінде қалады, құлағымен естиді, тілі дамиды.

Мысалы, мынадай.


Негізі балаларға тақпақтар мен өлең жолдарын ғана емес, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал түрлерін де дәл осындай схема түрінде жаттатуға болады. Балалар суретке қарай отырып ойланады, тез шешуге және тез айтуға суреттің көмегі тиеді. Балалар мақал-мәтелді естігенімен, оның мағынасын түсіне бермейді, есте де сақтау да қиын. Ал сурет-схемасы арқылы балаға көре отырып жаттаса, түсінікті болады.


 

 

 


Сонымен қатар тәрбиеленушілерге ертегі, әңгіме оқып бермес бұрын сол оқылатын ертегі, әңгіменің не туралы екенін сурет схемасы арқылы көрсетіп өздеріне айтқызу баланың дамуына зор үлесін қосады. Балалар сурет-схемасы арқылы ертегінің не туралы екенін өздері тапқаннан кейін қызығушылықтары да, зейіні де сол суретке ауатыны белгілі.

Күләнда АТКЕНОВА,

«Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі