Басты бетМнемотехника – балалардың тілін дамыту үшін тиімді әдіс

Мнемотехника – балалардың тілін дамыту үшін тиімді әдіс

Мнемотехника – балалардың тілін дамыту үшін тиімді әдіс Мнемотехника – балалардың тілін дамыту үшін тиімді әдіс Мнемотехника – балалардың тілін дамыту үшін тиімді әдіс

 

Мнемотехника әдісі – есте сақтауды жеңілдететін және мнемокестелер мен графикалық суреттерді қолдану арқылы сөйлеуді дамытудың қарапайым әдісі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті.

 

Мнемотехника мыналарды дамытуға көмектеседі:

- ассоциативті ойлау;

- көру және есту жады;

- көру және есту зейіні;

- қиял;

- жүйелі сөйлеу;

- қолдың ұсақ моторикасы.

 

Мектепке дейінгі жастағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беріледі, өйткені балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана есте қалады, мысалы: шырша-жасыл, жидек-қызыл. Кейін бұл суретті қиындатып немесе басқа суретпен ауыстыруға болады.

 

Балаға мнемоместелердің көмегімен тақпақтарды, жұмбақтарды жаттап, ертегілерді әңгімелеп беру жеңіл әрі қолайлы. Құрылған кесте балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектесіп, сөздік қорын байытады.

 

Мнемотехника бойынша оқыту кезең-кезеңмен жүргізілгенде ғана нәтиже береді.