Басты бетҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ НЕЙРОГИМНАСТИКА ЖӘНЕ КИНИЗЕОЛОГИЯЛЫҚ Ж...

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ НЕЙРОГИМНАСТИКА ЖӘНЕ КИНИЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ НЕЙРОГИМНАСТИКА ЖӘНЕ КИНИЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ НЕЙРОГИМНАСТИКА ЖӘНЕ КИНИЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ НЕЙРОГИМНАСТИКА ЖӘНЕ КИНИЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ НЕЙРОГИМНАСТИКА ЖӘНЕ КИНИЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Ми гимнастикасы немесе нейрогимнастика - бұл әртүрлі психикалық үрдістерді белсендіретін қарапайым қозғалыстар жиынтығы. Олар миды белсендіруге сонымен қатар:

сөйлеу мен ойлауды дамыту;

есте сақтау мен зейінді жақсарту;

ақпаратты өңдеу жылдамдығын арттыру;

ұсақ және жалпы моториканы дамыту үшін бағытталған.

Нейрогимнастика кішкентай балаларға денені басқаруға және шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Көңіл-күйді жақсартып, алаңдаушылық пен қорқыныштан арылтуға мүмкіндік береді. Себебі ми жаттығуларының оң әсері балаға өмір бойы азық болады.

Біздің балалар жақсы көретін жаттығулар:

• «Құлақ-мұрын»

• «Мұрын-еден-төбе»

• «Жұдырық-қабырға-алақан»

• «Капитан»

Жаттығудың оң әсеріне қол жеткізу үшін күн сайын бірнеше минут жаттығып, біртіндеп қарқынын жылдамдатқан жөн. Нейрогимнастика - бұл ересектерге де, балаларға да сәйкес келетін миды "қозғалтудың" оңай және қызықты тәсілі. Сонымен қатар күнделікті отбасылық дәстүрге айналатын пайдалы уақыт өткізудің таптырмас мүмкіндігі.