Басты бет«Музыкалық-театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың актерлық шеберлігін дамыту»

«Музыкалық-театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың актерлық шеберлігін дамыту»

 

Аңдатпа: Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес». Балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, музыкалық қойылымдар қою жұмыстарын жүйелі жүргізу арқасында балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға болады.

Түйін сөздер: музыкалық қойылым, кейіпкер, шығармашылық қабілет, мюзикл, көркемдік көзқарас

      Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.

Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап іріктелінбегендігі. Қазақ жазушыларының балалар жасына арналған шығармаларының аздығы. Балаларға ертегіні өлең  шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, тез рольімен ойнар еді, тіл байлықтарыда тез молайар еді. Музыкалық-театрландырылған қойылымдарын пайдаланудағы мақсатым ол: мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын театр түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру,қазақ тіліне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу, есту қабілетін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету; кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету. Осы мақсаттарға жетуде келесі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:

  • балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;
  • қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;
  • қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.);
  • ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер;
  • жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу.

            Кезіндегі орыстың ұлы ақыны сахнаны  «сиқырлы өлке» деп атаған. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеумен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар желілі рөлдік ойындардан тек желілі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Сахналандырылған ойындар ойын- қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен- дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Егер де бірінші сәбилер тобынан бастап,  балалар музыка жетекшісінің көмегімен халық әндерімен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдерді, кіші сахна көрністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып,мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс әрекеті өз бетінше болуы мүмкін. Нағыз театрдың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой өрісін-кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спетакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілеті және шығармашылық қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді. Ертегілер  дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздерін ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық үлгіларінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілермен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздермен жәбірленгендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады. Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.

          Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдын алатын орны ерекше. Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының  құпияларын айтатын болсақ: тілін дамытады, себебі балалардың қолдарының саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсер етеді. Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі –қуыршақ театры. Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән орындау кезіне бастап-ақ кішкене көлемді спетакльдер ойнала бастайтыны белгілі.

       Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Тіпті сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақпен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін  үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналы қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн.

  • Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады.
  • Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлері үшін оқып шығу бір балаға ғана ұсынады.
  • Үшінші кезеңде балалар бір неше шығармашылық тапсырмаларды орындайды: қорқыныш, қуаныш сезімдерін көрсете білу.
  • Төртінші кезеңде рөлдерге бөлініп, ертегіні оқу жүзеге асырылады.

 Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты көптеген ертегілер мен сюжеттік қойылымдар сахналанады. Музыкалық койылымдарды жас ерекшеліктеріне сай реттеп қолдану қажет. Бірінші-екінші сәбилер тобында музыкалық сюжетті қойылымдар.

Орта және ересек топтарында кішігірім мюзикл ертегілер. Мектепалды топтарда ертегі желісі бойынша ертеңгіліктер қойылымдалды.

Жұмыстың нәтижесі:

  • балалардың шығармашылық қабілеті дамиды;
  • актерлық шеберлігі дамиды;
  • сөздік қорлары толығады;
  • байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
  • дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;
  • өздерін көрермен алдында еркін сезінеді
  • театр өнеріне деген қызығушылықтары артады;
  • коммуникативті дағдылары артады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Өмірбекова Қ, Серкебаев Қ, Балалар ертегісі Алматы 1996-247 б
  2. Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолдану тәсілі Отбасы және балабақша, 2006ж.
  3. Көңілді әуендер. Алматы өнер. 2009ж.
  4. Ф.М.Қоңыратбаев,  Музыкалық-театрландырылған қойылымдар балабақшада, Алматы, 2015ж.