Басты бетЖазғы қауіпсіздік: ҚР ПІБ Медорталығы «Қарлығаш» балабақшасының маманының кеңесі

Жазғы қауіпсіздік: ҚР ПІБ Медорталығы «Қарлығаш» балабақшасының маманының кеңесі

Жазғы қауіпсіздік: ҚР ПІБ Медорталығы «Қарлығаш» балабақшасының маманының кеңесі Жазғы қауіпсіздік: ҚР ПІБ Медорталығы «Қарлығаш» балабақшасының маманының кеңесі Жазғы қауіпсіздік: ҚР ПІБ Медорталығы «Қарлығаш» балабақшасының маманының кеңесі Жазғы қауіпсіздік: ҚР ПІБ Медорталығы «Қарлығаш» балабақшасының маманының кеңесі

Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз өткізуге көмектесетін 7 қарапайым, бірақ маңызды ережені ата-аналарға ҚР ПІБ Медорталығы «Қарлығаш» балабақшасы мектепке дейінгі білім берудің сапасын бағалау және мониторинг басқармасының жетекші маманы Құралай Түсіпова ұсынды. Бұл жадынама baq.kz ақпараттық порталында жарияланды.

Қарапайым ережелерді сақтау – түрлі жарақаттар мен оқыс жағдайларды алдын алып, баланың денсаулығын сақтауға көмектеседі. Педагогтың айтуынша, демалыс кезінде қауіпсіздікке ерекше мән беру маңызды, өйткені бұл кезеңде тек балалар ғана емес, ата-аналар да бейқам күйге түседі.

1. Күннен және ыстықтан қорғану
Балаңызды ауа райына сәйкес, жеңіл, ашық түсті, табиғи матадан тігілген киіммен киіндіріңіз. Міндетті түрде бас киім кигізіңіз. Баланы күннің астында ұзақ уақыт ұстауға болмайды, әсіресе сағат 11:00 мен 16:00 аралығында. Балаңызға үнемі таза су ішкізіп отырыңыз, шөлдемесе де ішіп тұруы қажет. Балаларға арналған күннен қорғайтын крем (SPF 30 және жоғары) қолданыңыз.

 2. Су жағасындағы қауіпсіздік
Балаңызды ешқашан су жағасында қараусыз қалдырмаңыз, тіпті жақсы жүзе алса да. Балаларды тек арнайы жабдықталған, қауіпсіз жерлерде ересектердің бақылауымен шомылдыру қажет. Су маңында өз бетінше ойнауға рұқсат бермеңіз. Су жағасындағы тәртіп ережелерін үйретіңіз.

3. Көлік және серуен кезіндегі қауіпсіздік
Балаға жол бойында немесе көлік жүретін жерде ойнауға тыйым салыңыз.
Велосипедпен, самокатпен жүргенде қорғаныс құралдарын (дулыға, тізеқап, шынтаққап) қолдану қажет. Баланы жолда жүру ережелеріне (ЖҚЕ) үйретіңіз: жолды тек жаяу жүргіншілер өткелімен, жасыл шам жанғанда өту керек, әрқашан ересек адамның қолынан ұстау қажет.

4. Жәндіктер мен өсімдіктерден сақ болу
Жәндіктер көп жерлерге бармауға тырысыңыз. Балаларға арналған репелленттер (жәндіктерден қорғайтын құралдар) қолданыңыз. Балаңызға белгісіз өсімдіктерге (жарқын түсті гүлдер мен жидектерге) тиісуге болмайтынын түсіндіріңіз – олар улы болуы мүмкін. Егер бала жәндік шағып алса немесе өсімдіктен күйік алса – дәрігерге жүгініңіз.

 5. Өрт қауіпсіздігі
Балаларға сіріңке, от тұтатқыш, петарда сияқты қауіпті заттармен ойнауға қатаң тыйым салынады. Электр құралдарын бақылаусыз қоспаңыз. Балаңызды өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігіне және 101 нөміріне қоңырау шалуды үйретіңіз.

6. Үйде және саяжайда қауіпсіздік
Дәрі-дәрмек, тұрмыстық химия, өткір немесе ұсақ заттарды бала қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Терезелерге қорғаныс торлары немесе шектеуіштер орнатыңыз. Балкон мен ауланы қауіпті заттардан (күрек, құрал-сайман т.б.) тазалаңыз.

7. Қауіпсіздік туралы әңгімелесу
Баламен үнемі қауіпсіздік ережелері туралы сөйлесіп тұрыңыз.
Бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, қауіпті жағдайдан алыстау керек екенін үйретіңіз. Білімді ойын, ертегі, рөлдік жаттығулар арқылы бекітіңіз.

Жадынаманы сілтеме арқылы тауып, сақтап алуға болады: https://t.me/baq_kz/31027