Басты бет«Қарлығаш» балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша ақпараттық-түсінді...

«Қарлығаш» балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді

«Қарлығаш» балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді «Қарлығаш» балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді «Қарлығаш» балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді «Қарлығаш» балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді

«Қарлығаш» балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидаттарын іске асыру мақсатында мекеменің үш нысанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның спикері – кәсіпорынның комплаенс-офицері Байтасова Индира Әлиқызы қатысушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі ережелерін, кәсіпорынның ішкі реттеуші құжаттарын, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған практикалық тәсілдерді таныстырды.

Іс-шараларға әкімшілік-басқару персоналы, педагогикалық құрам және техникалық қызметкерлер қатысты.

Кездесулер барысында келесі негізгі тақырыптар талқыланды: мүдделер қақтығының алдын алу; қызметтік этика мен адалдық нормалары; шешім қабылдаудағы ашықтық пен есептілік; ата-аналармен, жеткізушілермен және әріптестермен өзара іс-қимылдың заңды формалары; сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты анықтау немесе оған күдік туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі.

Комплаенс-офицер қатысушыларға QR-код арқылы қолжетімді болатын сенім желісін қоса алғанда, анонимді байланыс арнасын пайдалану мүмкіндігі туралы еске салды. Аталған арналар ықтимал құқықбұзушылықтар туралы ақпарат беруде толық құпиялылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Ұжымда жеке жауапкершілік пен жоғары этикалық стандарттарға негізделген тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысының қорытындысы бойынша қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін және қолданыстағы ішкі бақылау тетіктеріне деген сенім дәрежесін анықтауға бағытталған анонимді сауалнама жүргізілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды құралы болып табылады, ол қызметкерлердің құқықтық мәдениетін нығайтуға және ашықтық пен адалдыққа негізделген ішкі бақылау жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.