Басты бет«Қарлығаш» балабақшасында «Бастау» бағдарламасы бойынша Қазақстан өңірлеріне арналған вебинар өтті

«Қарлығаш» балабақшасында «Бастау» бағдарламасы бойынша Қазақстан өңірлеріне арналған вебинар өтті

«Қарлығаш» балабақшасында «Бастау» бағдарламасы бойынша Қазақстан өңірлеріне арналған вебинар өтті «Қарлығаш» балабақшасында «Бастау» бағдарламасы бойынша Қазақстан өңірлеріне арналған вебинар өтті «Қарлығаш» балабақшасында «Бастау» бағдарламасы бойынша Қазақстан өңірлеріне арналған вебинар өтті «Қарлығаш» балабақшасында «Бастау» бағдарламасы бойынша Қазақстан өңірлеріне арналған вебинар өтті «Қарлығаш» балабақшасында «Бастау» бағдарламасы бойынша Қазақстан өңірлеріне арналған вебинар өтті

2025 жылғы 9 қазанда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құзыреттер орталығы болып  табылатын Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында еліміздің түрлі өңірлеріндегі әдіскерлерге, мектепке дейінгі білім беру педагогтері мен білім басқармаларының өкілдеріне арналған «Бастау» бағдарламасы бойынша онлайн-вебинар өтті.

Іс-шара «Бастау» авторлық білім беру бағдарламасын іске асыру және апробациядан өткізу аясында өткізілді және қатысушыларды өзекті бағыттармен және еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарында апробациядан өтіп жатқан мазмұны жаңа модульдермен таныстыруға бағытталған.

Онлайн-семинарға Қазақстанның алты өңірінен - Павлодар, Қарағанды, Абай, Орал, Батыс Қазақстан және Жетісу облыстарынан 25 балабақшаның 100-ден астам педагогі қатысты.

Кездесу барысында бағдарламаны практикалық тұрғыда іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Педагогтерге негізгі бағыттар ұсынылды:

- «Этникалық ертегілер - тәрбиелеу мен дамыту құралы» - мектеп жасына дейінгі балалардың бойында Қазақстан халқының мәдени дәстүрлеріне құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған әдістемелік тәсілдер;

- «Көңілді дене шынықтыру: доптар керек әртүрлі, маңызды да пайдалы!» - балалардың үйлесімділігін, моторикасын, танымдық және қозғалыс белсенділігін дамытуға арналған ойын және сауықтыру әдістемелері;

- «Жүруден бұрын жүзуді үйрен!» - «Қарлығаш» балабақшасының балаларды жүзуге үйретудегі тәжірибесі таныстырылып, қозғалыс дағдыларының диагностикасы, жас ерекшеліктеріне сай аквааэробика мен синхронды жүзудің элементтерін қолдану жолдары түсіндірілді.

Бағдарламаның апробация кезеңінен өтіп жатқан жаңа бөлімдері де ерекше қызығушылық тудырды. Олар мектепке дейінгі балалардың эмоциялық және танымдық дамуына арналған заманауи тәсілдерді қамтиды:

- «Эмоциялар әліпбиі» - бұл бөлімнің материалдары ойындар мен практикалық әдістер арқылы балалардың эмоциялық интеллектін, өзін-өзі реттеу және эмпатиясын дамытуға бағытталған.

- «Бақылаймын, зерттеймін, үйренемін!» және «Мектепке дейінгі балаларға арналған физика - эксперименттік ойындар» - педагогтерді эксперименттер мен бақылаулар және ойнату арқылы балалардың физикалық құбылыстар туралы алғашқы қарапайым түсініктерін қалыптастыратын әдістермен таныстыратын модульдер.

Вебинар барысында қатысушылар әдістемелік ұсынымдар алып қана қоймай, сонымен қатар бағдарламаны ендірудің практикалық аспектілерін белсенді түрде талқылады. Педагогтер жас ерекшелігіне қарай топтарды бөлу, апробацияға қатысушылар санын анықтау сияқты өзекті сұрақтар қойды. Талқыланған тақырыптарға қызығушылық ұсынылған модульдердің педагогтерге ұнағанын және оны білім беру процесіне ендіру үшін әлеуетін жоғары екенін көрсетті.

Іс-шара мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жаңарту мен дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Ол қазақстандық балаларға ұлттық құндылықтарды сусындатып, заманауи тәрбиелеу моделін қалыптастыруға бағытталған.

Оқу жылының қорытындысы бойынша ұсынылған модульдерді апробациялау нәтижесін талдау және оларды «Бастау» негізгі бағдарламасына енгізу мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда.