Басты бет«Қарлығаш» балабақшасы: Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру жүйесі қалай өзгеріп келеді

«Қарлығаш» балабақшасы: Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру жүйесі қалай өзгеріп келеді

«Қарлығаш» балабақшасы: Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру жүйесі қалай өзгеріп келеді

Қазақстанда мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі қалалай қалыптасып жатқанын NUR.KZ баяндайды. Енді балабақшалар тек тәрбие мен күтім орталығы емес, даму мен инновацияның шынайы орталығына айналып келеді. Осындай үлгілі мысалдың бірі – Білім беру министрлігінің Құзыреттер орталығының қызметін атқаратын «Қарлығаш» балабақшасы.

Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру тек қарапайым оқыту мен күтімнен тұрмайды. Басты назар мазмұнға, заманауи әдістемелерге, инклюзияға, цифрлық шешімдер мен психологиялық-медициналық сүйемелдеуге бағытталған.

«Қарлығаш» – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының құрылымдық бөлімшесі. 15 жыл ішінде мұнда педагогтар, дәрігерлер және психологтар арасындағы өзара іс-қимылдың өзіндік экожүйесі қалыптасты.

«Біздің мақсатымыз – ең үздік болу емес, бүкіл жүйеге пайдалы шешімдер туындайтын алаңға айналу», – дейді балабақша директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлшат Онланбекқызы.

Балабақшада STEAM-технологиялар, сингапур математикасы, инклюзивті тәсілдер қолданылып, баланың танымдық, әлеуметтік-эмоциялық, шығармашылық және физикалық дамуын қамтитын «Бастау» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Пилоттық жоба еліміздің жеті өңіріндегі 16 балабақшада енгізілді.

Ұйым ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО және АҚШ-тың NAEYC қауымдастығымен серіктестікте жұмыс істеп, халықаралық сапа стандарттарын ұлттық тәжірибеге енгізіп келеді.

«Біз тек тәжірибе алмасып қана қоймаймыз – өз шешімдерімізді жасаймыз», – деп атап өтті басшы.

Жақында «Қарлығаш» Perspective School инновациялық мектептері желісімен меморандумға қол қойды. Бұл бастама мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қараша айында Астанада өтетін мектепке дейінгі білім берудегі озық тәжірибелер жөніндегі халықаралық конференцияда заманауи тәсілдер мен инновациялар талқыланбақ.

Он бес жылдық тарихы бар «Қарлығаш» балабақшасы – мектепке дейінгі білім беру жүйесінің эволюциясын көрсететін мысал. Бұл – ұлттық стратегияның маңызды бөлігіне айналған инновация мен сапа жолы.

Толық нұсқасын NUR.KZ порталында оқуға болады.