Жыл сайын 9 желтоқсанда аталып өтетін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілген ақпараттық түсіндіру жұмыстары аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік саясатының қағидаттарын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Кәсіпорынның барлық үш объектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша алдын алу іс-шараларының циклі өткізілді.
Іс-шараның спикері – Кәсіпорынның комплаенс-офицері Байтасова Индира Әлиқызы қатысушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі ережелерін, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған практикалық тәсілдерді таныстырды.
Іс-шараларға әкімшілік-басқару персоналының өкілдері, педагогикалық құрам, медициналық қызметкерлер және техникалық қызметкерлер қатысты.
Кездесу барысында мүдделер қақтығысының алдын алу; қызметтік әдеп пен адалдық нормалары; шешім қабылдаудағы ашықтық пен есептілік; ата-аналармен, өнім берушілермен және әріптестермен өзара іс-қимылдың заңды формалары сияқты негізгі тақырыптар талқыланды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау немесе оған күдік туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі таныстырылды.
Комплаенс-офицер анонимді байланыс арнасын, соның ішінде QR-код арқылы қолжетімді жедел желіні пайдалануға болатындығын еске салды. Бұл құралдар ақпаратты қауіпсіз және құпия түрде беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Ерекше назар әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі мен жоғары әдеп стандарттарды сақтау негізінде тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға аударылды.
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша хабардар болу деңгейін және ішкі бақылау механизмдеріне сенімділігін бағалау мақсатында анонимді сауалнама жүргізілді.
Жұмыстың осындай форматы қызметкерлер арасында құқықтық мәдениетті нығайтуға және ашықтыққа, парасаттылыққа және әдеп нормаларын сақтауға бағытталған тиімді ішкі бақылау жүйесін құруға ықпал ететін сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды элементі болып табылады.