Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Күндері» форматындағы көшпелі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Шымкент қаласында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің педагогтерімен тәжірибе алмасуға бағытталған бірқатар кездесулер өтті. Бағдарлама екі форматта ұйымдастырылып, практикалық және сараптамалық бөлімдерді қамтыды.
Іс-шараларға 100-ге жуық маман — меңгерушілер, әдіскерлер, тәрбиешілер, сондай-ақ Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының өкілдері қатысты. Негізгі сарапшы ретінде ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және инновацияны енгізу басқармасының бастығы, педагог-зерттеуші санатындағы әдіскер Муралимова Света Муратбековна қатысты.
Практикалық бөлімді іске асыру барысында қонақ Шымкент қаласының 7 мектепке дейінгі ұйымының қызметімен танысты — МКҚК №30 «Алпамыс» бөбекжай-бақшасы, МКҚК №73 «Айжан» бөбекжай-бақшасы, МКҚК №65 «Балбұлақ» бөбекжай-бақшасы, МКҚК №68 «Балауса» бөбекжай-бақшасы, МКҚК №21 «Ертарғын» бөбекжай-бақшасы, МКҚК №46 «Ақбөпе» бөбекжай-бақшасы. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, педагогтердің кәсіби қызметі және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар ұсынылып, оларға оң баға берілді. Сапар барысында тәжірибе алмасу жүзеге асырылып, әдістемелік қолдау көрсетілді. С. Муралимова педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған ұсынымдар беріп, мектепке дейінгі білім беруде заманауи әдістер мен тиімді технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Бағдарламаның сараптамалық бөлімі екінші күні офлайн және ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта Шымкент қаласының педагогтерінің қатысуымен өтті. Оның аясында С. Муралимова «Қарлығаш» балабақшасының қызметі туралы презентация ұсынып, «Бала бойындағы дағдыларды қалыптастырудағы инновациялық әдістер мен тәсілдер» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Шара барысында заманауи білім беру шешімдері көрсетілді, оның ішінде медиа орталықтар, мобильді құралдар, құм терапиясы элементтері, сондай-ақ сыни ойлау, коммуникация және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған сингапурлық оқыту әдістері.
Іс-шара қорытындысы бойынша сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, қатысушылар ұсынылған тәжірибелерді бейімдеу мүмкіндіктерін талқылап, алдағы кәсіби өзара іс-қимылды жалғастыруға қызығушылық білдірді.
Өткізілген іс-шаралар көшпелі өзара іс-қимыл форматының озық тәжірибені тарату және мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру құралы ретінде тиімділігін дәлелдеді. Мұндай тәжірибелердің жүйе дамуына тұрақты оң әсер ететіні атап өтіліп, оларды тұрақты кәсіби кездесулер мен әдістемелік сүйемелдеу форматында жалғастырудың орындылығы расталды.