Басты бетҰлттық құндылықтар іс жүзінде: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес коворкинг форматында өтті

Ұлттық құндылықтар іс жүзінде: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес коворкинг форматында өтті

Ұлттық құндылықтар іс жүзінде: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес коворкинг форматында өтті Ұлттық құндылықтар іс жүзінде: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес коворкинг форматында өтті Ұлттық құндылықтар іс жүзінде: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес коворкинг форматында өтті Ұлттық құндылықтар іс жүзінде: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес коворкинг форматында өтті Ұлттық құндылықтар іс жүзінде: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес коворкинг форматында өтті Ұлттық құндылықтар іс жүзінде: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес коворкинг форматында өтті Ұлттық құндылықтар іс жүзінде: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес коворкинг форматында өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында «Білім беру процесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы заманауи тәсілдер» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.

Педагогикалық кеңес жұмысына директордың тәрбие-білім беру қызметі жөніндегі орынбасары А. Стыбаева, ББӘИЕБ және МДББСМББ басқарма әдіскерлері, сондай-ақ № 1, 2 және 3 балабақшалардың әдіскерлері мен педагогтері қатысты. Жалпы, іс-шараға шамамен 50-ге жуық маман қатысып, кең ауқымды кәсіби диалог пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Іс-шара педагогикалық коворкинг форматында ұйымдастырылып, тәжірибе алмасуға, бірлескен талқылауға және тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталды. Мұндай тәсіл педагогтерді белсенді ойлау әрекетіне тартып, ұлттық құндылықтардың қазіргі білім беру ортасындағы орнын қайта қарауға мүмкіндік берді.

Кеңес барысында ұлттық мазмұнды күнделікті тәрбиелеу-білім беру процесіне кіріктірудің практикалық тәсілдері ұсынылды. Дәстүр мен заманауи білім беру технологияларын үйлестіру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды баланың күнделікті өмірінің табиғи бөлігіне айналдыру жолдары талқыланды.

Практикалық бөлімде педагогикалық коворкинг, ритмикалық қимылдар, музыкалық элементтер және «Идеялар қоржыны» форматындағы топтық жұмыс ұйымдастырылды. Қатысушылар «Ұлттық өнер шеберханасы», «Дәстүрлер дариясы», «Туған өлке – тұнған тарих» бағыттары бойынша өз ұсыныстарын әзірледі.

Іс-шара барысында нейро жаттығулар, шығармашылық тәсілдер және халық педагогикасының элементтері кеңінен қолданылып, педагогтердің тәжірибесімен ұштастырылды.

Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша ұлттық құндылықтарды білім беру процесіне кіріктіруді күшейту, ата-аналармен өзара іс-қимылды кеңейту және озық педагогикалық тәжірибені тарату бағыттары айқындалды.

Сонымен қатар ұлттық бұрыштарды толықтыру және ұлттық ойын орталықтарын жабдықтау арқылы білім беру ортасының мазмұнын байыту міндеттері белгіленді.

Бұл форматтағы педагогикалық кеңес «Қарлығаш» балабақшасында ұлттық құндылықтардың білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде жүйелі түрде енгізіліп жатқанын көрсетеді.