12 тамыз күні Түркістан қаласында мыңға жуық қатысушының басын қосқан «Ерте жастан дамыту – сапалы білім мен берік құндылыққа негізделген жаңа оқу жылының міндеттері» тақырыбындағы облыстық Тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құзыреттілік орталығы ретіндегі қызметі аясында аталған іс-шараға қатысты. Ұйымның сараптамалық және практикалық тәжірибесін Стратегиялық даму басқармасының басшысы Гулияш Ниязова таныстырды.
Пленарлық отырыс барысында Гулияш Ниязова «Қарлығаш» моделі негізіндегі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: этнопедагогикалық дәстүрлер мен жаһандық инновациялардың интеграциясы» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндаманың негізгі өзегін ұлттық тәрбие дәстүрлері заманауи білім беру әдістемелерімен және инновациялық тәжірибелермен ықпалдастырылған «Қарлығаш» моделінде жүзеге асырылатын тәсілдер құрады. Баланың дамуы, заманауи педагогикалық тәсілдерді енгізу және мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі құндылықтық бағдарларды сақтау бағытындағы практикалық шешімдер таныстырылды.
«Қарлығаштың» практикалық тәжірибесі Түркістан облысындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен әдіскерлерінің қызығушылығын тудырды. Кәсіби талқылау барысында ұсынылған тәсілдерді өңірлік тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.
«Қарлығаш» моделінде ұлттық дәстүрлер мен заманауи білім беру шешімдерінің қалай үйлесетіні, сондай-ақ балабақшаның Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құзыреттілік орталығы ретіндегі қызметі туралы Гулияш Ниязова Түркістан облысы Білім басқармасының баспасөз орталығына берген сұхбатында айтып берді.
Іс-шара қатысушыларына одан әрі зерделеу және кәсіби қызметте пайдалану үшін «Қарлығаш» балабақшасы дайындаған презентациялық материалдар да таратылды.
«Қарлығаштың» облыстық Тамыз конференциясына қатысуы Құзыреттілік орталығының практикалық тәжірибені тарату, өңірлер арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамыту және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласына заманауи тәсілдерді енгізу бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі болды.