18 қыркүйекте ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған жұмыс барысындағы кездесу өтті. Кездесу инклюзивті білім беруді зерттеу орталығы – Ozim Academy командасының қатысуымен өтті.
Іс-шараға «Қарлығаш» балабақшасының директоры Гульшат Онланбекқызы, директордың орынбасары Айгүл Стыбаева, Стратегиялық даму басқармасының басшысы Гулияш Ниязова, инклюзивті білім беруді зерттеу орталығы – Ozim Academy негізін қалаушы, ЮНИСЕФ-тің инклюзия мәселелері жөніндегі ұлттық сарапшысы, Инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығының вице-президенті Асем Тәжиева, сондай-ақ «Ozim Platform» ҚҚ бас директоры, Ozim Academy зерттеуші-сарапшысы Алия Хамза қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы – ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды жетілдіру және осы бағытта педагогтер мен психологтерге кәсіби қолдау көрсетудің тиімді тетіктерін дамыту.
Қатысушылар мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру, тәжірибе алмасу және практикалық шешімдерді білім беру үдерісіне ендіру мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, практикаға бағдарланған іс-шараларды бірлесіп өткізу, мамандарға арналған әдістемелік құралдарды әзірлеу, сондай-ақ тиімді тәсілдер мен кәсіби тәжірибені бөлісу бағыттары қарастырылды.
Кездесуде практикаға бағдарланған тәсілге ерекше мән берілді. Яғни педагогтер мен психологтер нақты жұмыс жағдайында қолданатын, балаларды қолдау барысында туындайтын күнделікті міндеттерді шешуге көмектесетін ғылыми және әдістемелік әзірлемелердің маңызды екені атап өтілді. Мұндай тәсіл балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеруге және көрсетілетін қолдаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесудің бір бағыты отбасын қолдау болды. Инклюзивті білім беру кезінде мамандардың ғана емес, сонымен қатар ата-аналардың да бірлесіп әрекет жасағаны жөн. Осыған байланысты кездесуде ата-аналарға ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету, баланың қажеттіліктерін жақсырақ түсінуге және оның дамуына қолайлы жағдай жасауға көмектесетін тәсілдерді дамыту мәселесіне де назар аударылды.
Ozim Academy командасының ғылыми-зерттеу, білім беру және заманауи технологияларды дамыту бағытындағы тәжірибесі мен «Қарлығаш» балабақшасының практикалық тәжірибесін ұштастыру бірлескен жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Мұндай өзара іс-қимыл ғылыми негізделген тәсілдерді практикаға ендіруге, кәсіби тәжірибе алмасуға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың бірыңғай ортасын дамытуға ықпал етеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға және бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың негізгі бағыттарын айқындайтын меморандум дайындауға келісті. Алдағы бірлескен жұмыс педагогтер мен психологтерді кәсіби қолдауға, балаларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жетілдіруге және отбасылармен өзара іс-қимылдың тиімді тәсілдерін дамытуға бағытталатын болады.