Құрметті де, аяулы ұстаздар, әріптестер!
Сіздерді Ұстаздар күнімен құттықтаймын! Әр балаға берген тәрбие мен білім жас ұрпақтың болашағына қосылған үлкен үлес деп білемін. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - дегендей, Тәуелсіз қазақ еліне қосып жатқан еңбектеріңіз үшін Сіздерге алғысымды білдіремін!
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін.
Шығармашылық ізденістеріңіз арта берсін, отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болсын!
Ізгі ниетпен, Гүлнар Искакова