Главная«Ақылды кеңістік-танымдық белсенділіктің кілті» - воспитатель Құралай Баймұқанқызы Нұрғазиева

«Ақылды кеңістік-танымдық белсенділіктің кілті» - воспитатель Құралай Баймұқанқызы Нұрғазиева

«Ақылды кеңістік-танымдық белсенділіктің кілті» - воспитатель Құралай Баймұқанқызы Нұрғазиева

Аймақтық онлайн семинарда «Ақылды кеңістік-танымдық белсенділіктің кілті» тақырыбы аясында «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Нұрғазиева Құралаймен сұхбаттасу.

 «Балалардың танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту барысында кеңістікті ұтымды пайдаланудың тигізер әсері зор. Тәжірибемде нәтижелі қолданып жүрген әдістемелер мен технологияларды ұсындым. Осы білім қорын Назарбаев зияткерлік орталығынан, Таллин (Эстония) мен Мәскеу (Ресей) қалаларындағы әріптестерімнен тәжірибе алмасу барысында үйреніп, оны ары қарай дамытып, толықтырып пайдаланып жүрмін.

Олар: «Сөйлейтін қабырғалар», «Грифелді қабырға», «Сызбалы күнтізбе», «Ауадағы көңілді таяқшалар».

 Құралай Баймұқанқызы тәжірибесінде қолданған осындай әдістемелер мен технологиялар өте тиімді әрі қызықты екенін дәлелдеді. Балалар жеңіл әрі нақты білім алып, елордамыздың беделді мектептеріне жоғары деңгейде дайындықпен барады.

 Қазіргі уақытта топтағы балалардың көбі әріптер мен сандарды еркін жазып меңгерген. Балалардың тілдері, шығармашылықтары және саусақ бұлшық еттері дамиды. Өз беттерінше еркін іс-әрекет жасап, еңбексүйгіштіктері артады. Қолжетімді және өздері бірін-бірі үйретеді.

 Ақылды кеңістіктің маңыздылығы - 4К (коммуникация – қарым-қатынас, коллоборация – ынтымақтастық, командамен жұмыс, креативность - шығармашылық, критическое (проблемное) мышление – сыни ойлау) құзіреттіліктері қалыптасқан бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.