ГлавнаяОтзывы родителей!

Отзывы родителей!

Отзывы родителей!

Жаңа заманның тұлғасы етіп тәрбиелеп шығару үшін балаларды кішкентай кезінен тәрбие мен оқуға баулу керек. Балабақшаның негізгі міндеті –баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең.

Ата-аналардан педагогтерге алғыс хаттар келіп жатады. Сол алғыстың бірі, «Балапан» тобының бұрынғы тәрбиленушісі Орныххан Тәснимнің анасы Акимова Жадра Тулегеновна балабақша тәрбиешілеріне Айгул Ақылжанқызы мен Гүлбаршын Баянбекқызына шексіз алғысын білдіреді. Түлектеріміздің жетістіктері биік шыңдардан көріне берсін! Біз әрдайым қуаныштымыз!

Құрметті Гульнара Кайролловна!

Осы хатымды Сізге жолдау арқылы қызым Орныххан Тәснимнің бұрынғы тәрбиешісі Тукушева Айгуль Ақылжанқызына шексіз алғысымды білдіргім келеді.

Қызым биылғы мектеп табалдырығын алғаш аттағаннан бері өзінің білімі жеткіншектеріне қарағанда айтарлықтай ілгері екендігін көрсетіп, мұғалімдерінің ерекше көзіне түсті. Сынып жетекшісі Тәснимнің әріптерді толық танып, жылдам оқу  мәнерімен таң қалдырды. Берілген тапсырмаларды, жаттауларды еркін жаттайды. Сынып аралық көркем оқулар мен спорт, гимнастика жаттығулары бойынша шараларға ат салысты. Осының барлығы бұрынғы тәрбиешісі Айгул Ақылжанқызы мен Гүлбаршын Баянбекқызы апайларының ерен еңбегі деп бағалаймын. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, қызымның білімді де өнерлі болуына ат салысқан тәрбишілеріне шексіз ризашылығымды білдіріп, алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетуіне тілектестігімді білдіремін. 

Тілек білдіруші «Балапан» тобының бұрынғы тәрбиленуші Орныххан Тәснимнің анасы Акимова Жадра Тулегеновна