Басты бетҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ БЕЙІМДЕЛУ ІС-ШАРАЛАРЫ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ БЕЙІМДЕЛУ ІС-ШАРАЛАРЫ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ БЕЙІМДЕЛУ ІС-ШАРАЛАРЫ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ БЕЙІМДЕЛУ ІС-ШАРАЛАРЫ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ БЕЙІМДЕЛУ ІС-ШАРАЛАРЫ

Балаларды қабылдау кезінде «Қарлығаш» балабақшасының алдына қойған басты міндеті – барынша қолайлы жағдай жасау, балаларға да, олардың ата-аналарға да психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Балабақшаның педагог-психологтары жаңадан келген балаларды қабылдауға процесіне көмек көрсетеді. Сондапй-ақ ата-аналарға баланы балабақшаға бейімдеу, таңертең қоштасу рәсімдері бойынша кеңес береді.

Бейімделу кезеңінде балаларды күнделікті жүйелі бақылау туралы ақпарат бақылау парақтарында көрсетіледі. Диагностикалық жұмыс жүргізу және әр баланың ерекшелігін зерттеу мақсатында ата-аналарға сауалнама ұсынылады, онда баланың эмоционалдық жағдайы, мазасыздық күйі мен құрдастарымен қарым-қатынас дәрежесі бағаланады. Тәрбиешілер баланың бейімделу кезеңінің басындағы және үш айдан кейінгі эмоционалды жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін «Бақылау картасын» толтырады.

– «Бейімделу – бұл өте көп уақытты қажет ететін процесс және әр балада әртүрлі өрбиді. Бейімделу іс-шараларының сәтті өтуі ата-ана мен балабақша қызметкерлерінің өзара әрекетіне тікелей байланысты», – дейді «Қарлығаш» балабақшасының педагог-психологы Марина Полишукова. – «Ата-аналарға алғашқы үш күнде баланы балабақшада 2-3 сағатқа қалдырып, күн сайын уақытты арттырып отыруды ұсынамыз. Балабақшада күні бойы тәрбиешілермен бірге балаларға арналған эмоционалдық шиеленісті жеңілдетуге, коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар өткізіледі. Өйткені, бала осы алғашқы кезеңде қаншалықты жағымды эмоциялар алса, соғұрлым ол тезірек үйреніп, жаңа ортаға үйрене бастайды».