Басты бетМектеп жасына дейінгі балалармен «Қозғалыс арқылы үйрену» және неліктен қозғалысқа негізделген оқ...

Мектеп жасына дейінгі балалармен «Қозғалыс арқылы үйрену» және неліктен қозғалысқа негізделген оқытуды жүргізу қажет

Мектеп жасына дейінгі балалармен «Қозғалыс арқылы үйрену» және неліктен қозғалысқа негізделген оқытуды жүргізу қажет Мектеп жасына дейінгі балалармен «Қозғалыс арқылы үйрену» және неліктен қозғалысқа негізделген оқытуды жүргізу қажет Мектеп жасына дейінгі балалармен «Қозғалыс арқылы үйрену» және неліктен қозғалысқа негізделген оқытуды жүргізу қажет Мектеп жасына дейінгі балалармен «Қозғалыс арқылы үйрену» және неліктен қозғалысқа негізделген оқытуды жүргізу қажет

Балалардың дене, танымдық және интеллектуалдық дамуы мақсатында «Қарлығаш» балабақшасы «Қозғалыс арқылы үйрену» тәсілін оқу процесінде қолданады.

«Қозғалыс арқылы үйрену» - балалар қарапайым математикалық және сенсорлық ұғымдарды, танымдық қабілеттерді меңгеретін тәсілдің бір түрі.

 Ерте балалық шақтан қартайған шағына дейін біздің миымыз дененің қалған бөлігімен тығыз байланысты. Ми мен организм арасындағы күрделі байланыс өсіп келе жатқан ағзаны үйрену және дамыту үшін өмірлік маңызы бар екенін, ол балаларда да, ересектерде де көптеген психикалық мүмкіндіктерді оятып, жандандыратынын барынша айқын көрсетеді.

 

Қазіргі заманда балалар дене әрекетсіздігінен зардап шегеді, гаджеттерді асыра пайдалану балаларды бір орында тапжылмай отыруына алып келеді. Ал бұл олардың дене және психологиялық денсаулығына кері әсерін тигізеді. Иә, бала осылай дамитыны рас, бірақ қозғалыс арқылы үйренетін балама бар.

 

Қозғалыс арқылы оқуды бастаудың себептері!   

      • Қозғалыста оқыту баланың тиімді дамуына, оның құзыретін дамытуға ықпал етеді
      • Қозғалыс белсенділігі интеллектуалды тұрғыдан дамуға көмектеседі: оқуды, санауды үйрену, геометриялық пішіндермен танысу, есте сақтауға, ажыратуға, салыстыруға
      • Қозғалыс бүкіл организмге тиімді әсер етеді, ми қызметін оңтайландырады, жаңа нейронды байланыстарын қалыптастырады
      • Дәл осы бұлшық ет қызметінде баланың миы өз энергиясын нәрлендіретін және дамытатын дереккөз табады
      • Қозғалыс кезінде баланың ақпаратты жедел үйрену қабілеті дамиды.